Жаңалықтар мен оқиғалар
БӨГЕТСАЙДА ОРАЛХАН БӨКЕЙГЕ АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ.

2018 жылғы 21 қыркүйек күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің 75 жыл толуына арналған "Алтайдың дара тұлғасы" тақырыптық кеш өткізді. Кештің жүргізушісі Гүлнұр Ракымжанова жазушының шығармашылығына тоқталып, толық мәлімет беріп өтті.
Оралхан Бөкейдің алғашқы әңгімелер жинағы «Қамшыгер» 1970 жылы шықты. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. Ол – табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант. Оралханның кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және бұрынғы КСРО елдерінің тілдеріне аударылды.
Шарада Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин, мектеп-гимназиясының кітапханашысы Айнагүл Есенгулова, белгілі ақын Қызмет Нұралиннің ұлы Ербол Нұралин сөз алып, қаламгердің әр жылдары жарық көрген повестері мен әңгімелер жинақтарына тоқталып өтті. Кеште Бөгетсай мектеп-гимназиясының 6-7 сынып оқушылар Әсемай Разақбергенова, Еркеназ Алмағанбетова, Томирис Мұқашева, Ақбота Бақыт қаламгердің "Алтай тауым", "Оңаша ойлар", "Өкінемен", "Кешір інім" өлеңдерін оқыды. Кеш соңы Бекетова Мәдинаның орындауында "Қазақ елі осындай" патриоттық әнімен аяқталды.