Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚЫН АСЫЛГҮЛ АРЫҚОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ақтөбеде Байғанин ауданының күндері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұстаз, ақын, сазгер, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Асылгүл Арықованың «Ақ тілектермен аттадым өмір есігін» шығармашылық кеші мен «Дариға дүние» кітабының тұсаукесері өтті.
Жыр сүйер көпшілікті лирикалық өлеңдерімен сусындатқан кеште Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жақысылық Айжанов терең ой қозғай білген құнды да жаңа кітапқа құтты болсын айтып, өз лебізін жыр шумақтарымен жеткізіп, шығармашылығына сәттілік тіледі.