Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ БАСТАУ АЛДЫ.

«Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласында 90 жылдық тарихы бар, рухы бекем, киелі құт мекен - Байғанин ауданының күндері басталды. Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, дейді қазақ. Алғашқы шара «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» «Үміт» балалар үйінде қайырымдылық акциясымен өтті. Балалар аниматорлармен түрлі ойындар ойнап, қуанышқа кенелді. Одан соң қаладағы А.Пушкин атындағы саябақта балалар «Таңғажайып кітап әлемі» деген атпен библиофреш-инсталляциясын тамашалап, киелі Байғанин ауданының тарихи-табиғи ескерткіштеріне виртуалды саяхат жасады.