Жаңалықтар мен оқиғалар
«Берекелі отбасы – бақытты ел» облыстық байқауы өтті

29 қазан күні Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Берекелі отбасы – бақытты ел» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ қоғамға үлгі боларлық өнегелі отбасыларды көпшілікке таныстыру.
Байқауға Алға қаласы мен Байғанин, Темір, Қарғалы, Шалқар және Ырғыз аудандарынан келген отбасылар қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өмірлік ұстанымдарын және ұлттық дәстүрге деген құрметін көрсетті.
Сайыс бағдарламасы «Таныстырудан – тағылым», «Отбасы – мемлекеттің іргетасы», «Отбасы мектебі» және «Сән мен Салтанат» атты төрт кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар отбасылық татулықты, ұлттық тәрбиені, рухани құндылықтар мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
* Бас жүлде – Нұғмановтар отбасы, Алға қаласы (400 000 теңге);
* I орын – Абуовтар отбасы, Байғанин ауданы, Миялы ауылы (300 000 теңге);
* II орын – Ұзақбаевтар отбасы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы (250 000 теңге);
* III орын – Жолбарысовтар отбасы, Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы (200 000 теңге);
* «Өнегелі отбасы» аталымы – Баймұхановтар отбасы, Темір ауданы, Тасқопа ауылы (150 000 теңге);
* «Ынтымағы жарасқан отбасы» аталымы – Бақбергеновтар отбасы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы (150 000 теңге).
Байқау отбасылық бірлік пен татулықты, ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын насихаттайтын мазмұнды мәдени шара болды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке мен бірлік, отбасыларына шаттық тілейміз!