Жаңалықтар мен оқиғалар
Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылық челленджі қорытындыланып, Сарышолақ Боранбайұлының жыр эстафетасы басталды

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері қатысқан тағылымды кездесу өтті. Шараға Әкімәлі Қаржауұлы мен Сарышолақ Боранбайұлының ұрпақтары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығын дәріптеуге арналған челлендж қорытындыланып, ақын мұрасын насихаттауға бағытталған шығармашылық эстафета Сарышолақ Боранбайұлының шығармашылығымен жалғасын тапты.
Шара аясында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері қос ақынның жыр-термелерін орындап, олардың бай шығармашылық мұрасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл бастама дәстүрлі жыр өнерін насихаттауға, жас ұрпақтың ұлттық руханиятқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығына арналған челлендж қорытындысы бойынша ең көп қаралым мен лүпіл жинаған шәкірттер – Назарбаева Ақерке мен Гельманова Айым арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Кездесу соңында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин зиялы қауым өкілдеріне өзінің авторлық «Пайғамбарлар жыры» кітабын таныстырып, тарту етті.
Тағылымды шара ақындар мұрасын ұлықтау, ұлттық жыр өнерінің сабақтастығын сақтау және оны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау жолындағы маңызды бастамалардың бірі болды.