Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбе өңірінің өнер өкілдері мемлекеттік марапатқа ие болды

Ақтөбе өңірінің өнер өкілдері мемлекеттік марапатқа ие болды
25 қазан – Республика күніне орай ұлттық өнер мен мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Марат Сәрсенбайұлы Ахметов және «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Әділбек Мұхидуллаұлы Сарин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – қос азаматтың ұлттық өнерді дамытуға, айтыс пен жыршылық дәстүрді насихаттауға, сондай-ақ төл мәдениетіміздің құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіруге қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

Марат Сәрсенбайұлы Ахметов пен Әділбек Мұхидуллаұлы Сариннің өнер мен мәдениет саласындағы қажырлы қызметі, ұлттық руханиятты өркендетуге бағытталған еңбегі өңірдің мәдени өміріне зор үлес қосып келеді.

Мәртебелі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық қызметтеріне толағай табыс тілейміз. Ұлттық өнер жолындағы еңбектері жемісті болып, абыройлары асқақтай берсін!