Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығына арналған жыр кеші өтті

Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығына арналған жыр кеші өтті
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері көрнекті ақын Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығына арналған жыр кешін өткізді.

Тағылымды шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, дәстүрлі жыр өнерінің құндылығын дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық руханиятқа деген қызығушылығын арттыру.

Кешке арнайы шақырылған Әкімәлі Қаржауұлының ұрпақтары қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті. Олар ақын мұрасының мән-маңызына тоқталып, оның шығармашылық болмысы жөнінде тағылымды әңгімелер өрбітті.

Кездесу барысында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері ақынның термелері мен толғауларын орындап, оның суырыпсалма ақындық өнерін және бай шығармашылық мұрасын көпшілікке таныстырды.

Жыр кеші аясында Әкімәлі Қаржауұлының шығармашылығын дәріптеуге арналған челленджге де бастау берілді. Жыр эстафетасы арқылы ақын мұрасын кеңінен насихаттау және дәстүрлі орындаушылық өнерді жас ұрпақ арасында дамыту көзделген. Челлендж алдағы уақытта жалғасын табады.

Тағылымды кеш ақын мұрасын ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық өнердің өміршеңдігін танытуға бағытталған мазмұнды рухани кездесу болды.