Жаңалықтар мен оқиғалар
«Заң мен Тәртіп» – құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

Халық шығармашылығы орталығында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Иниятов Рақымжан Талғатович қатысып, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті насихаттау.
Іс-шараға көрермен ретінде сарбаздар шақырылып, олар құқық қорғау органдары өкілінің маңызды ақпараттарымен танысты. Кездесу барысында заңдылықты сақтау, құқықтық мәдениетті дамыту және қоғамдағы қауіпсіздіктің маңыздылығы сөз болды.
Аталған іс-шара заңға құрметпен қарауға, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!