Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Сенім қымбат – сақ бол!»

«Сенім қымбат – сақ бол!»
Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында «Сенім қымбат – сақ бол!» тақырыбында алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын түсіндіру және жеке ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында орталық заңгері А. Ищанова интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, әлеуметтік желілердегі қауіптер, қаржылық алаяқтықтан қорғану және жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қатысушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және қаржылық операциялар кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Іс-шара соңында алаяқтықтың алдын алуда әр азаматтың қырағылығы мен жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.