Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Батыр рухына тағзым» жыр сағаты өтті

«Батыр рухына тағзым» жыр сағаты өтті
3 қазан күні ұлы қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлының туғанына 450 жыл толуына орай «Ер Едіге» жыр мектебінің ұйымдастыруымен «Батыр рухына тағзым» атты жыр сағаты өткізілді.

Тағылымды шараның негізгі мақсаты – тарихи тұлғаның өмір жолы мен ел тарихындағы орнын кеңінен таныту, қолбасшылық қызметі мен ерлік істерін дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

Іс-шара барысында Жалаңтөс Баһадүрдің қолбасшылық қабілеті, ел басқарудағы қайраткерлігі және тарихи мұрасы туралы мағлұматтар ұсынылды. Оның ел бірлігі мен мемлекеттілікті нығайту жолындағы қызметі сөз болып, өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.

Жыр сағаты аясында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері дәстүрлі жыр өнерінің үлгілерін орындап, ұлттық руханияттың асыл мұрасын дәріптеді. Шара барысында жыршылық өнердің тәрбиелік мәні мен тарихи тұлғалар мұрасын ұрпақ жадында жаңғыртудың маңыздылығы айқындалды.

«Батыр рухына тағзым» жыр сағаты – тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталған тағылымды шара болды.