Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Адал еңбек – ел мұраты» республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

«Адал еңбек – ел мұраты» республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды
Хромтау қаласында «Адал еңбек – ел мұраты» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Республикалық сөз додасына еліміздің әр өңірінен келген айтыскер ақындар қатысып, суырыпсалмалық шеберліктері мен шешендік өнерлерін ортаға салды.
Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде – Қайырхан Жұбаниязов, Ақтөбе облысы;
І орын – Қазырет Бердіхан, Алматы қаласы;
ІІ орын – Шұғайып Сезімхан, Алматы қаласы;
ІІІ орын – Жәнібек Бейбітов, Ақтөбе облысы.
Республикалық айтыс ұлттық сөз өнерін дәріптеп, еңбек пен елдік құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Шара қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, ақындарға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тіленді.
«Адал еңбек – ел мұраты» республикалық ақындар айтысы дәстүрлі өнерді дәріптеп, айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан мазмұнды мәдени шара болды.