Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Бөкей Ордасының 225 жылдығына арналған республикалық айтыс өтті

Бөкей Ордасының 225 жылдығына арналған республикалық айтыс өтті
Батыс Қазақстан облысында Бөкей Ордасының 225 жылдығына орай «Егер Бөкей көшпесе…» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Рухани шараның негізгі мақсаты – Бөкей Ордасының тарихи маңызын дәріптеу, ел тарихындағы айтулы кезеңдерді насихаттау және ұлттық сөз өнері – айтыстың мәртебесін арттыру.
Республикалық сөз додасына еліміздің әр өңірінен келген айтыскер ақындар қатысып, суырыпсалмалық өнер мен шешендік шеберліктерін ортаға салды.
Айтысқа «Құрмет» орденінің иегері, белгілі айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова қатысып, өз өнерін ортаға салды. Ақынның орындауындағы жырлар көрерменнің ықыласына бөленіп, ұлттық сөз өнерінің көркемдік мүмкіндігін таныта түсті.
Шара барысында айтысқа қатысқан ақындарға алғыс хаттар табысталып, әр өнерпазға 750 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.
«Егер Бөкей көшпесе…» атты республикалық айтыс тарихи мұраны ұлықтап, ұлттық өнерді насихаттауға және ақындарға қолдау көрсетуге бағытталған тағылымды мәдени шара болды.