Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Нұрбол Жауынбаев халықаралық айтыстан II орын иеленді

Нұрбол Жауынбаев халықаралық айтыстан II орын иеленді
Алматы облысында ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған сөз додасына Қазақстанның әр өңірінен және Қырғыз Республикасынан келген ақындар қатысып, өзара өнер сынасты.
Айтыста Ақтөбе облысының намысын айтыскер ақын, «Айтыстың ақтаңгері» атанған Нұрбол Жауынбаев қорғап, жүлделі II орынға ие болды.
Сөз сайысында ақындар суырыпсалмалық шеберлігін, тапқырлығы мен шешендігін ортаға салып, ұлттық айтыс өнерінің дәстүрін жалғастырды.
Нұрбол Жауынбаевтың халықаралық айтыста жүлделі орынға ие болуы – Ақтөбе өңірінің айтыс өнері үшін маңызды жетістіктердің бірі.
Жеңімпаз ақынды айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Шығармашылық жолына толағай табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!