Жаңалықтар мен оқиғалар
Қарттар күніне орай «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік концерт өтті

Қарттар күніне орай Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының өнерпаздары қарттар үйіне барып, «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – қазыналы қарияларға құрмет көрсету, олардың көңілдеріне қуаныш сыйлау, ізгі тілектер мен жылы лебіздер білдіру, сондай-ақ аға буынға деген құрметті арттыру.
Мерекелік концерт барысында орталықтың өнерпаздары көрермен назарына әсем әндер мен күйлерден құралған музыкалық бағдарламаны ұсынды. Өнерпаздардың орындауындағы шығармалар қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің мазмұнын аша түсті.
Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды аталар өнерпаздардың өнерін ықыласпен қабылдап, өз ризашылықтарын білдірді.
Қариялар – елдің өткені мен бүгінін жалғаған алтын көпір, ұлттық тәрбие мен тағылымның қайнар көзі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани мұра болып табылады.
Мерекелік шара аға буынға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін дәріптеуге бағытталды.