Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Сөз зергерімен сырласу» атты тағылымды кездесу өтті

«Сөз зергерімен сырласу» атты тағылымды кездесу өтті
№8 жалпы білім беретін орта мектепте айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Марат Ахметовтің қатысуымен «Сөз зергерімен сырласу» атты тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға айтыс өнерінің қыр-сырын таныстыру, ұлттық сөз өнерінің маңызын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиет пен өнерге қызығушылығын арттыру және ақынның шығармашылық жолын кейінгі буынға таныстыру.

Тағылымды кездесу барысында Марат Ахметов айтыс өнерінің ерекшеліктері, ақындық өнердің жауапкершілігі, ұлттық сөз өнерінің тәрбиелік мәні және шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қазіргі айтыстың дамуы мен дәстүрлі өнерді дәріптеудің маңызы жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар ақынға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, айтыс өнері мен шығармашылыққа қатысты мазмұнды сұхбатқа қатысты. Ақын жас ұрпаққа өнерді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бағалауға, ана тілінің қадірін білуге үндеді.

«Сөз зергерімен сырласу» атты кездесу оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, дәстүрлі сөз өнерінің тағылымын насихаттауға бағытталған мазмұнды шара болды.