Жаңалықтар мен оқиғалар
«Родина.KZ» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толды

Қоғамдық бірлестіктің бес жылдық шығармашылық және қоғамдық қызметін қорытындылау, ұлттық мәдениетті, өнерді, достық пен бірлікті дәріптеу, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Мерейтойлық концерт барысында «Родина.KZ» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Русская песня» халықтық хоры, «Купава» халықтық фолк-модерн ұжымы, «Ладушки» үлгілі ансамблі және «Сударушки» вокалдық тобы өз өнерлерін ұсынды.
Сонымен қатар мерекелік шараға арнайы шақырылған «ДЭШ» сыған ән-би ансамблі, «Чхинсон» корей халықтық ансамблі, «Veilchen» неміс халықтық хоры, «Оксана» халықтық хоры және «Барвинок» үлгілі фольклорлық ұжымы концерттік бағдарламаға қатысып, көрерменге өз өнерлерін паш етті.
Шара барысында өнер ұжымдарының орындауындағы әндер мен билер ұсынылып, шығармашылық ұжымдардың өзара тәжірибе алмасуына және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берілді.
«Родина.KZ» қоғамдық бірлестігін мерейтойымен Республикалық сарбаз аналары кеңесінің Ақтөбе облысындағы өкілі Олеся Старых және Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының Халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Гүлнара Бисенғалиева құттықтады.
Мерекелік шара аясында фойеде ViArt шығармашылық студиясының көркемөнер көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Бес жыл ішінде «Родина.KZ» қоғамдық бірлестігі мәдени-көпшілік іс-шаралар мен шығармашылық жобаларды жүзеге асырып, өнер ұжымдарының басын біріктіріп, мәдени құндылықтарды насихаттауға үлес қосып келеді.
Мерейтойлық концерт шығармашылық ұжымдардың басын қосып, өнер арқылы достық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды шараға айналды.





