Жаңалықтар мен оқиғалар
Оралбай Кәметияұлының «Ердің жасында…» шығармашылық кеші өтті

18 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында ақын, айтыскер, Мәдениет саласының үздігі Оралбай Кәметияұлының «Ердің жасында…» атты шығармашылық кеші өтті.
Шараның негізгі мақсаты – айтыс өнері мен дәстүрлі сөз өнерін дәріптеу, ақынның шығармашылық жолын, өнердегі өзіндік қолтаңбасын және ұлттық мәдениетке қосқан үлесін насихаттау.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, өнердегі жолы мен айтыс өнеріндегі орны туралы сұхбат ұйымдастырылды. Мерейтой иесіне арнайы құттықтаулар айтылып, әріптестері, ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында ақынның шәкірттері ұстазының шығармаларын орындап, оның жырларынан туындаған «Жансен аға», «Ақкөлім» әндері шырқалды.
Шығармашылық кеш ұлттық сөз өнерін ұлықтап, Оралбай Кәметияұлының шығармашылық мұрасын кеңінен танытуға арналды.