Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Ұлы жырау және ұлы күй: Кетбұқа мұрасы – 800 жыл»

«Ұлы жырау және ұлы күй: Кетбұқа мұрасы – 800 жыл»
«Ер Едіге» жыр мектебінің дәстүрлі «Жырау шәйі» тағылымды шарасы «Ұлы жырау және ұлы күй: Кетбұқа мұрасы – 800 жыл» тақырыбына арналды.

Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – Кетбұқаның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның жыраулық дәстүрдегі орнын таныту және ұлттық өнердің тарихи сабақтастығын дәріптеу.

Кездесу барысында Кетбұқаның жыраулық мұрасы, оның қазақтың дәстүрлі сөз өнері мен күй өнеріндегі орны туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Жыраулық дәстүрдің қалыптасуы мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу ерекшеліктері сөз болды.

Шара барысында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері Кетбұқа мұрасына арналған жыр-толғаулар орындап, дәстүрлі күйлерден шығармалар ұсынды.

«Жырау шәйі» аясындағы кездесу ұлттық өнерді насихаттауға, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге және жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталды.