Жаңалықтар мен оқиғалар
«Бірлікке үн қосқан» фестивілінің өңірлік кезеңі өтті

26 тамыз күні Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында Қазақстан халқының бірлігі мен этносаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивілінің өңірлік кезеңі өтті.
Фестивальге Ақтөбе облысындағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары қатысып, вокалдық, хорлық, аспаптық және жеке орындаушылық бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Фестиваль қорытындысы бойынша бес номинация бойынша үздіктер анықталып, республикалық кезеңге қатысатын өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар іріктелді.
Шара барысында Қазақстан халқының мәдени алуантүрлілігі мен этностардың ұлттық өнері дәріптеліп, салт-дәстүрлері насихатталды. Фестиваль қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға, этномәдени бірлестіктер арасындағы шығармашылық байланысты дамытуға және ұлттық құндылықтарды кеңінен танытуға бағытталды.