Жаңалықтар мен оқиғалар
«Мәдени шараларды жасанды интеллект көмегімен жандандыру» практикалық тренингі өтті

Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында мәдениет саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи цифрлық құралдарды шығармашылық әрі ұйымдастырушылық жұмыстарда тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында «Мәдени шараларды жасанды интеллект көмегімен жандандыру» тақырыбында практикалық тренинг өтті.
Тренинг барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін мәдени іс-шараларды жоспарлау, мазмұнын әзірлеу, шығармашылық идеяларды жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық және жарнамалық материалдар дайындауда тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
Шара барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Кітапхананы дамыту бөлімінің маркетинг жөніндегі маманы (әдіскер) Алпысбаева Қызғалдақ Тілектесқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект құралдарын практикалық тұрғыда қолдану бойынша тапсырмалар ұсынды.
Практикалық тренинг мәдениет саласы мамандарының цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларды кәсіби қызметте тиімді пайдалануға бағытталды.