Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Мөлдір бұлақтан туған ән» атты әдеби сағат өтті

«Мөлдір бұлақтан туған ән» атты әдеби сағат өтті
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған «Мөлдір бұлақтан туған ән» атты әдеби сағат өтті.
Шараға Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанындағы «Ән-перне» домбыра үйірмесінің оқушылары қатысып, қаламгердің «Ақбұлақ», «Туған жер» әндерін орындады.
Жас өнерпаздардың әсерлі орындауы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақ ән өнерінің көркем мұрасын дәріптеуге үлес қосты.