Жаңалықтар мен оқиғалар
«Күмбірлей бер, Домбыра!» атты күйшілер мен жыршылар кеші өтті

Ұлттық Домбыра күніне орай Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Күмбірлей бер, Домбыра!» атты күйшілер мен жыршылар кеші ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – қазақтың дәстүрлі күйшілік және жыраулық өнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосу.
Кеш «Көне сарын» тобының орындауындағы «Мөңке бидің толғауымен» ашылды. Бағдарлама барысында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілдерінің шығармалары орындалып, көрермендерге дәстүрлі өнердің жауһар туындылары ұсынылды.
Сахна төрінде Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Талап Хамзин, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары Нұрали Сыдықов, Жалғас Болатұлы, Аманқос Табыншаев, Әлібек Ынтағали және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.
Сонымен қатар, «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері Мұрат Ақарыс, Қарағұл Сұлтан және жыр мектебінің басқа да жас өнерпаздары терме, толғау және халық әндерін орындап, жыраулық дәстүрдің сабақтастығын паш етті.
Кеш барысында күй мен жырдың ұлттық мәдениеттегі орны кеңінен насихатталып, халқымыздың рухани мұрасына тағзым жасалды.
«Күмбірлей бер, Домбыра!» атты өнер кеші ұлттық өнерді ұлықтап, көрермендерге рухани әсер сыйлаған мазмұнды мәдени шара ретінде өз мәресіне жетті.