Жаңалықтар мен оқиғалар
Қайырхан Жұбаниязов республикалық ақындар айтысында ІІ орын иеленді

Шымкент қаласының күніне орай ұйымдастырылған «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысында Ақтөбе облысының намысын қорғаған айтыскер ақын Қайырхан Жұбаниязов жүлделі ІІ орынға ие болды.
Еліміздің әр өңірінен келген ақындардың басын қосқан өнер додасында Қайырхан Жұбаниязов суырыпсалмалық шеберлігімен, өткір ойымен және сөз саптау мәнерімен ерекшеленіп, қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Ақынның бұл жетістігі – өңірдегі айтыс өнерінің дамуы мен ұлттық руханияттың өркендеуінің жарқын көрінісі. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі байқаудағы жеңіс Ақтөбе облысының мәдени абыройын асқақтатып, аймақ мерейін үстем етті.
Қайырхан Жұбаниязовты жүлделі ІІ орын иеленуімен құттықтап, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз.