Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Арай Нұраддин Қырғыз Республикасының «Сахна жұлдызы» медалімен марапатталды

Арай Нұраддин Қырғыз Республикасының «Сахна жұлдызы» медалімен марапатталды
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қазақ пен қырғыз халықтарының рухани байланысын нығайтуға бағытталған халықаралық қазақ-қырғыз айтыс фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Айтысқа Қазақстаннан төрт ақын қыз және Қырғызстаннан төрт ақын жігіт қатысып, сөз өнерінің көрігін қыздырды. Дәстүрлі айтыс өнерін дәріптеген додада қатысушылар өздерінің суырыпсалмалық шеберлігі мен ақындық деңгейін көрсетті.

Аталған фестивальде айтыскер ақын Арай Нұраддин сәтті өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнердегі жетістіктері мен мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін ол Қырғыз Республикасының мемлекеттік «Сахна жұлдызы» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – қазақ айтыс өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының және жас ақындардың шығармашылық табыстарының айқын көрінісі.

Арай Нұраддинді мәртебелі марапатымен құттықтап, шығармашылық жолында толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.