Жаңалықтар мен оқиғалар
«Өмірге үмітпен» қайырымдылық концерті өтті

2026 жылғы 15 маусым күні Ақтөбе қаласындағы №9 түзету мекемесінде «Өмірге үмітпен» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мекеме қызмет алушыларына рухани қолдау көрсету, өнер арқылы адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өмірге деген сенім мен үмітті арттыру және мәдени демалыс сыйлау.
Концерттік бағдарламаға ҚР мәдениет саласының үздіктері Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленова, «Әдеп» тобы, «Батыс этно» тобы және әнші Нұрладдин қатысып, халық әндері, патриоттық шығармалар, термелер мен ұлттық музыкалық туындыларды орындады.
Шара барысында көрермендер өнерпаздардың өнерін жылы қабылдап, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарға негізделген мазмұнды бағдарламаны тамашалады. Концерт қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнердің тәрбиелік әрі рухани маңызын айқындай түсті.
Концерт соңында мекеме әкімшілігі ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға алғыс білдіріп, мұндай мәдени шаралардың қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы рөлін атап өтті.
«Өмірге үмітпен» қайырымдылық концерті рухани қолдау көрсетуге бағытталған тағылымды шара ретінде өз мәресіне жетті.