Жаңалықтар мен оқиғалар
«Әлия – өшпес ерлік» облыстық патриоттық әндер байқауы өтті

15 маусым күні Қобда ауданының Әлия ауылдық клубында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне арналған «Әлия – өшпес ерлік» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында патриоттық әндерді насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және талантты орындаушыларды қолдау.
Аталған байқауға қазылар алқасының мүшелері ретінде «Әдеп» тобының әншілері Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленова, сондай-ақ «Бипыл» тобының көркемдік жетекшісі Бағдат Балмағамбетова қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық шеберлігіне, сахна мәдениетіне және шығармаларды орындау деңгейіне кәсіби тұрғыда баға берді. Сонымен қатар, жас өнерпаздарға шығармашылық ізденістерінде табыс тілеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Патриоттық әндерді дәріптеуге бағытталған байқау жас орындаушылардың өнерін шыңдауға мүмкіндік беріп, ұлттық рух пен елжандылық құндылықтарын насихаттауға үлес қосты.