Жаңалықтар мен оқиғалар
Сағи Жиенбаев кітапханасында «Жеребе айтыс» өтті

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жас ақындардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған «Жеребе айтыс» өтті.
Айтыс барысында қатысушылар суырыпсалмалық өнерлерін ортаға салып, өзара сөз сайысында бақ сынады. Жас ақындар қоғамдағы өзекті мәселелерді жырға қосып, тапқырлығы мен шешендігін танытты.
Шараның өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері дүкенінің иесі, кәсіпкер Артур Бейбітұлына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.
Айтыс қорытындысы бойынша Жәнібек Бейбітов Рашидұлы жеңімпаз атанып, арнайы марапатқа ие болды.
Аталған шара жас ақындардың шығармашылық ізденістерін қолдауға, айтыс өнерін насихаттауға және олардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени алаң болды.