Жаңалықтар мен оқиғалар
Арнаулы кітапханада «Текті сөздің төресі – терме» атты жыр сағаты өтті

«Руханият» жобасы аясында арнаулы кітапханада «Текті сөздің төресі – терме» атты жыр сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, халқымыздың рухани мұрасы саналатын жыр-терме өнерін насихаттау және дәстүрлі өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Жыр сағатына ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин жетекшілік ететін «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері қатысып, жыраулық өнердің ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті. Кездесу барысында жас жыршылар термелер орындап, ұлттық өнердің тағылымдық мазмұнын көпшілікке таныстырды.
Сонымен қатар, қазақтың белгілі жыраулары мен ақындарының өсиетке толы шығармалары насихатталып, ұлттық руханият пен мәдени мұраны сақтау мәселелері төңірегінде пікір алмасу өтті.
Тағылымды шара қатысушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды кездесу болды.