Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде тағылымды кездесу өтті

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде тағылымды кездесу өтті
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Төлебайдың ұйымдастыруымен «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, термеші-жырау Әділбек Сарин және жыр мектебінің шәкірттерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – ұлттық руханиятты дәріптеу, жыраулық өнердің маңызын насихаттау және тарихи мұраны сақтау мәселелерін кеңінен талқылау болды.

Шара барысында Ақтөбе қаласында өткен «Жыраулар жолымен...» 24 сағаттық жыр жобасының GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енген жетістігі туралы айтылып, жобаның қазақтың дәстүрлі жыраулық өнерін халықаралық деңгейде танытудағы рөлі атап өтілді.

Сонымен қатар, Әділбек Сариннің «Пайғамбар жыры» және «Пайғамбарлар жыры» атты еңбектерін Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорына тапсыру рәсімі өтті. Бұл еңбектер алдағы уақытта архив қорындағы рухани-мәдени мұра ретінде сақталатын болады.

Кездесу барысында ұлттық өнердің тағылымдық мәні, жыраулық дәстүрдің сабақтастығы және жастар тәрбиесіндегі орны жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Жыр мектебінің шәкірттері жыр-термелер орындап, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Шара соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ұлттық мұраны насихаттау бағытындағы алдағы жоспарлар жөнінде ой бөлісті.