Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

№73 мектепте «Жыраулар жолымен...» жобасы аясында кездесу өтті

№73 мектепте «Жыраулар жолымен...» жобасы аясында кездесу өтті
Мұқағали Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектепте «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин және жыр мектебінің шәкірттерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жыршылық дәстүрдің маңызын түсіндіру және жас өнерпаздардың жетістіктерін оқушыларға таныстыру.

Шара барысында Ақтөбе қаласында өткен «Жыраулар жолымен...» 24 сағаттық жыр жобасының GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені туралы айтылып, жобаға қатысқан жас жыршылардың жетістіктері таныстырылды.

Сонымен қатар, Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған кездесуде қазақтың дәстүрлі өнері мен жыршылық мұрасының рухани құндылығы жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Әділбек Сарин ұлттық өнердің тәрбиелік мәні туралы ой бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері жыр-термелер орындап, ұлттық өнерді дәріптеуге өз үлестерін қосты.