Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Жыраулар жолымен...» жобасының тарихи құжаттары мемлекеттік архивке табысталды

«Жыраулар жолымен...» жобасының тарихи құжаттары мемлекеттік архивке табысталды
Ақтөбе өңірінде жүзеге асқан «Жыраулар жолымен...» жобасына қатысты тарихи құжаттар Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорына табысталды.

Аталған жоба ұлттық жыршылық өнерді насихаттауға, жыраулық дәстүрдің сабақтастығын сақтауға және рухани мұраны дәріптеуге бағытталды. Жоба аясында ұйымдастырылған 24 сағаттық жыр марафоны нәтижесінде «Жыраулар жолымен...» бастамасы GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына еніп, өңір мәдениеті тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Мемлекеттік архив қорына жобаның жүзеге асырылу барысын айғақтайтын ресми құжаттар, сертификаттар және тарихи маңызы бар материалдар тапсырылды. Бұл құжаттар алдағы уақытта өңірдің мәдени өмірінен сыр шертетін құнды дереккөз ретінде сақталмақ.

Тарихи құжаттарды архив қорына қабылдау – ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған игі бастаманың маңызын арттырып, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.