Жаңалықтар мен оқиғалар
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Түйетөбе» ескерткішінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағзым шарасына зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Жиналған қауым тоталитарлық жүйенің құрбаны болған азаматтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шараның мақсаты – тарихи әділеттілікті дәріптеу, өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпай, кейінгі ұрпақтың санасына жеткізу және құрбандардың рухына құрмет көрсету.
Тағылымды шара ел тарихындағы қасіретті кезеңдерді еске алып, ұлттық жадымызды жаңғыртуға бағытталды.