Жаңалықтар мен оқиғалар
«Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Ақордада күй орындады

«Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Сұлтан Қарағұл Астана қаласына жасаған сапары барысында Ақордаға экскурсия жасап, Ақорда ауласында күй орындады.
Сұлтан Қарағұл – Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен...» 24 сағаттық жыр жобасына қатысқан жас өнерпаздардың бірі. Аталған жоба GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына еніп, ұлттық жыршылық өнердің халықаралық деңгейде танылуына өз үлесін қосты.
Экскурсия барысында жас өнерпаз еліміздің басты мемлекеттік нысандарының бірі – Ақорданың тарихымен және қызметімен танысты. Сонымен қатар, Ақорда ауласында қазақтың дәстүрлі күй өнерін орындап, ұлттық мәдениетті дәріптеді.
Жас өнерпаздың бұл жетістігі ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған еңбегінің жемісі болып табылады. Мұндай тағылымды сапарлар өскелең ұрпақтың ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.