Жаңалықтар мен оқиғалар
Ақтөбеде татар халқының «Сабантой» ұлттық мерекесі кең көлемде аталып өтті

2026 жылғы 23 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы Ретро парк аумағында татар халқының ұлттық мерекесі – «Сабантой» кең көлемде ұйымдастырылды. Мәдени шара сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара аясында ұлттық спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар, халықтық ойындар, қолөнер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, алғаш рет өткен «Татар биі» фестивалі көрермен назарына ұсынылып, қаладағы үздік би ұжымдары өнер көрсетті.
Бағдарлама «Түбәтеймен жүгіру» сайысымен басталып, кейін Сабантой мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында шығармашылық ұжымдар мен Татарстан Республикасынан келген өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мерекеде татар және башқұрт халықтарының әндері шырқалып, парк аумағы ұлттық нақышта безендірілді. Сонымен қатар, қатысушылардың салтанатты шеруі ұйымдастырылып, театрландырылған пролог қойылымы көрсетілді.
Концерттік бөлімде Ильнур Еникеев, «Язгы моннар», «Сәйлән», «Талисман», «Алия гүлі», «Умырзая» ансамбльдері және өзге де шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, қазақ және татар мәдениетін ұштастырған ән-билер көрермен назарына ұсынылды.
Шара барысында ұлттық спорт түрлерінен белбеу күресі, армрестлинг, кір тасын көтеру, арқан тарту секілді жарыстар өткізіліп, халықтық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қолөнер және аспаздық көрмелерінде татар, қазақ және башқұрт халқының ұлттық тағамдары таныстырылды.
Фестиваль аясында «Искорки», «Изумруд», «Айгөлек», «Гүлдерайым», «Язгы моннар», «Сәйлән», «Талисман», «Алия гүлі» және «Солнечные лучики» шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Шара соңында фестиваль қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
Тағылымы мол мәдени мереке халықтар достығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды шара ретінде өтті.