Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбе облысында Жеңіс күніне арналған тағзым шаралары өтті

Ақтөбе облысында Жеңіс күніне арналған тағзым шаралары өтті
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне тағзым етуге арналған бірқатар патриоттық және еске алу шаралары ұйымдастырылды.  

Облыс әкімі Асхат Шахаров Жеңіс күніне орай ақтөбеліктерді мерекемен құттықтап, бұл күннің халқымыз үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, соғыс жылдарында майданға аттанған ақтөбеліктердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.  

Шара аясында Даңқ обелискісіне және Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылып, қаһарман батырлардың рухына құрмет көрсетілді.  

Сондай-ақ, облыс әкімі Хромтау ауданының тұрғыны, соғыс ардагері Василий Грецкийдің шаңырағына арнайы барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтауын табыстады. Ардагердің өмір жолы мен ел алдындағы еңбегі кейінгі буынға өнеге ретінде аталып өтті.  

Жеңіс күніне арналған тағылымды шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларында жалғасып, батырлар рухына тағзым ету, тарихи жадыны сақтау және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді.