Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Музыка без границ» атты этно-музыкалық концерттік кеш өтті

«Музыка без границ» атты этно-музыкалық концерттік кеш өтті
Ақтөбе қаласында «Музыка без границ» атты этно-музыкалық концерттік кеш ұйымдастырылды. «Этно-хиттер. Ырғақ. Дәстүр» тақырыбындағы мәдени шарада халық әндері мен заманауи эстрадалық шығармалар үндесіп, түрлі ұлт мәдениеті бір сахнада тоғысты.  

Концерт барысында халықтық «Русская песня» хоры, «ДЭШ» цыган әні мен би ансамблі, «Купава» фолк-модерн тобы, «Ладушки» ансамблі және өзге де шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.  

Кеш аясында қазақ, орыс және цыган халықтарының музыкалық дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық өнердің ерекшелігі мен мәдениеттер үндестігі көрініс тапты. Концерттік бағдарламада халық әндері, заманауи эстрадалық шығармалар, ұлттық билер мен көпшілікке кеңінен танымал композициялар орындалды.  

Музыкалық кеш өнер арқылы халықтар арасындағы достық пен рухани байланысты нығайтып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлаған мазмұнды мәдени шара ретінде өтті.