Жаңалықтар мен оқиғалар
Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері марапатталды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Ел мерейі – мәдениет» атты салтанатты шарада Облыстық халық шығармашылығы орталығының бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Құралай Қойшықызы Әленова марапатталды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровтың Алғыс хаты Айболат Ардақұлы Көшкінбайға табысталды.
Ал «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен Бауыржан Жұмағұлұлы Айтжанов марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!