Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

​«Жеңіс шыңындағы жыршы қыз» атты бенефис-кеш өтті

​«Жеңіс шыңындағы жыршы қыз» атты бенефис-кеш өтті
22 мамыр күні «Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен» жобасы аясында №13 орта мектепте жас жыршы Қадырхан Жұлдыздың «Жеңіс шыңындағы жыршы қыз» атты бенефис-кеші ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жыршылық өнерді насихаттау, жас өнерпаздардың шығармашылық жетістіктерін таныстыру және ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Кездесу барысында Қадырхан Жұлдыздың жыршылық өнердегі жетістіктері, түрлі республикалық және облыстық мәдени шараларда көрсеткен өнері туралы кеңінен айтылып, ұлттық руханиятты насихаттаудағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Бенефис-кеш шоу форматында өтіп, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин мен Қадырхан Жұлдыз оқушылармен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында жыршылық дәстүрдің маңызы, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттау бағытындағы жұмыстар жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді.

Кеш аясында Қадырхан Жұлдыз және «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері жыр-термелер орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.