Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Күй – шежіре» атты танымдық күй кеші өтті

«Күй – шежіре» атты танымдық күй кеші өтті
20 мамыр күні Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында күйші Қамбар Медетовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Күй – шежіре» атты танымдық күй кеші ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қазақтың дәстүрлі күй өнерін насихаттау, Қамбар Медетовтің шығармашылығын кеңінен таныстыру және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу.

Тағылымды кеш барысында Қамбар Медетовтің қазақ музыка өнеріндегі орны, шығармашылық мұрасы мен күйшілік дәстүрді дамытуға қосқан үлесі жөнінде кеңінен айтылды. Сонымен қатар, күй өнерінің тарихы мен ұлттық руханияттағы маңызы туралы мазмұнды пікірлер ортаға салынды.

Кеш аясында күйшілер халық күйлерін орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара күй өнерін қадірлейтін көпшілікке рухани кеш ретінде өтті.