Жаңалықтар мен оқиғалар
«Жыраулар жолымен» жобасы аясында №63 мектеп-лицейінде кездесу өтті

«Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен» жобасы аясында Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу, жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау және ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа кеңінен таныту.
Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан Қазбек Хамитов пен Сұлтан Қарағұлдың жетістіктері айтылып, аталған жобаның GBR (Global Best of Records) әлемдік рекордтар кітабына енгені ерекше атап өтілді.
Кездесу сұхбат форматында өтіп, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин, жас жыршылар Қазбек Хамитов пен Сұлтан Қарағұл оқушылармен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында жыршылық өнердің маңызы, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттау бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен айтылды.
Шара аясында мектеп мақтаныштары Қазбек Хамитов, Сұлтан Қарағұл және «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері жыр-термелер орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.