Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Жыраулар жолымен» жобасы аясында №78 мектеп-гимназиясында кездесу өтті

«Жыраулар жолымен» жобасы аясында №78 мектеп-гимназиясында кездесу өтті
«Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен» жобасы аясында №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу, жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау және ұлттық руханиятты өскелең ұрпаққа кеңінен таныту.

Кездесу барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан жас жыршы Мұрат Ақарыстың жетістіктері таныстырылып, аталған жобаның GBR (Global Best of Records) әлемдік рекордтар кітабына енгені айтылды. Сонымен қатар, Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған республикалық командалық айтыстағы өнері жөнінде де кеңінен сөз қозғалды.

Шара сұхбат форматында өтіп, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин мен Мұрат Ақарыс оқушылармен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында жыршылық өнердің ерекшелігі, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызы туралы ойлар ортаға салынды.

Кеш аясында мектеп мақтанышы Мұрат Ақарыс пен «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері жыр-термелер орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады.