Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Шеберлікпен шыңдалады ақындар»

«Шеберлікпен шыңдалады ақындар»
19 мамыр күні Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында айтыскер ақын, айтыс үйірмесінің жетекшісі А.А. Көшкінбайдың ұйымдастыруымен «Шеберлікпен шыңдалады ақындар» тақырыбында жергілікті айтыскер ақындарға арналған шеберлік сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты – айтыс өнерін насихаттау, жас ақындардың шығармашылық ізденісін қолдау және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, жас айтыскер ақындар мен өнер жанашырлары қатысты.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар суырыпсалмалық өнердің ерекшеліктері, сөз саптау мәдениеті, айтыстағы тапқырлық пен сахна әдебі төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, айтыс өнеріндегі тәжірибе, шығармашылық ізденіс және жас ақындарды дайындау бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Кездесу аясында қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, ұлттық өнерді дамыту жолындағы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Шара жас ақындардың шығармашылық қабілетін шыңдап, айтыс өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды басқосу ретінде өтті.