Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Жыр насихат» бағдарламасына түсірілім өтті

«Жыр насихат» бағдарламасына түсірілім өтті
Бүгін «Сарқыт» мейрамханасында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жыршы Әділбек Сарин және жыр мектебінің шәкірті Гельманова Айым «Мұнара» телеарнасының «Жыр насихат» бағдарламасына түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Түсірілім барысында пайғамбарлар қиссасынан «Адам әлейһиссалам» қиссасы толықтай жырланды. Сонымен қатар, Әділбек Сарин өзінің 25 пайғамбардың қиссасын жыр түрінде жазып аяқтағанын атап өтті. Алдағы уақытта аталған туындыларды «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері толық орындап, көпшілікке насихаттайтын болады.

Бағдарлама аясында Әділбек Сарин Кіші жүздің иелері мен Наурызбек жыраудың халықпен амандасу жырларын орындап, көрерменге дәстүрлі жыршылық өнердің тағылымын ұсынды.

Аталған түсірілім ұлттық рухани мұраны дәріптеп, жыраулық дәстүрді кеңінен насихаттауға бағытталған мазмұнды жоба ретінде өтті.