Жаңалықтар мен оқиғалар
«Халықтық театр – дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысы» атты облыстық іс-тәжірибелік семинар өтті

Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйінде «Халықтық театр – дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысы» тақырыбында «халықтық» және әуесқой театр режиссерлары мен театр үйірмелері жетекшілеріне арналған облыстық іс-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарды Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі, «Замандас» халықтық театры бірлесіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – өңірдегі клубтық мекемелердегі театр жұмысын жандандыру, өзара тәжірибе алмасу, ауылдық жерлерде театр үйірмелерін ұйымдастырудың тиімді әдістерімен таныстыру, сондай-ақ инновациялық идеялар мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану болды.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары К.С. Идрисова «Облыс клубтық мекемелерінің халықтық және әуесқой театрларының қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Замандас» халықтық театрының режиссері Г.М. Қалмағанбетова «Театр үйірмесінен – шеберлер алаңына» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара аясында «Замандас» халықтық театрының «Уақыт» композициясы көрермен назарына ұсынылып, қатысушылар үшін театр және актерлік шеберлік бағытында тәжірибелік шеберлік сағаттары өткізілді.
Семинарға аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің халықтық және әуесқой театр ұжымдарының режиссерлары, жетекшілері, мәдени ұйымдастырушылары мен директорлары қатысты.