Жаңалықтар мен оқиғалар
«ЕРЛІК РУХЫ – САПУРА» ТАРИХИ-ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Ерлік рухы – Сапура» атты тарихи-әдеби кеш өтті. Тағылымды шараның мақсаты – тарихта «Көрінбес Көктемір» атымен қалған ержүрек батыр қыз, қолбасшы Сапура Мәтенқызының ерлігін насихаттап, жас ұрпаққа отансүйгіштік рух беру.
Кеш барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мәден Асылбек «Азаттық жолындағы күрескер Сапура Мәтенқызы және оның заманы» тақырыбында баяндама жасап, батыр қыздың тарихи тұлғасы мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы кеңінен әңгімеледі.
Шара аясында «Аққу» би ансамблі халықаралық би байқауында бас жүлдеге ие болған «Сапура» биін сахналады. Сонымен қатар, педагог-модератор Еділов Базарғали дайындаған батыр қыздың анимациялық бейнесі көрермен назарына ұсынылды. Суретшілердің туындылары мен кітап көрмесі ұйымдастырылып, Сапура Мәтенқызының ерлігі жан-жақты насихатталды.
Аталған шара бірнеше өнер түрін тоғыстырған мазмұнды рухани кеш ретінде ерекшеленді. Кешке зиялы қауым өкілдері, шығармашыл тұлғалар, студент жастар және қала тұрғындары қатысты.