Жаңалықтар мен оқиғалар
Ақтөбеде «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер сайысы басталды

Ақтөбе қаласында «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер сайысы аясында қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған Ақтөбе және Қостанай облыстарының командалық айтысы басталды.Ауқымды мәдени шараға айтыскер ақындар, зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер көрермендер қатысты.
Айтыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтау хаты оқылып, облыс әкімі Асхат Шахаров көпшілікке жеткізді.
Құттықтау хатта Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі, оның шығармаларының халық жадында сақталып, бүгінгі күнге дейін кеңінен орындалып келе жатқаны атап өтілген. Сондай-ақ, ақынның поэзиясы мен драматургия саласындағы еңбектері жоғары бағаланып, оның шығармашылығы ұлттық руханияттың маңызды бөлігі екені көрсетілген.
Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде мерейтой аясында республикалық және өңірлік деңгейде бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Олардың қатарында айтыс, ұлттық өнер фестивальдері және басқа да мәдени жобалар бар.
Аталған шара ұлттық өнерді дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды мәдени оқиға ретінде ерекшеленеді.