Жаңалықтар мен оқиғалар
«Сияющее время. Чхинсон – 30 лет» атты мерейтойлық концерті өтті

2 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде «Чхинсон» халықтық ансамблінің «Сияющее время. Чхинсон – 30 лет» атты мерейтойлық концерті өтті. Концерт ансамбльдің 30 жылдық шығармашылық жолына арналып, ұлттық дәстүрді дәріптеген мазмұнды бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында вокалдық және хореографиялық нөмірлер ұсынылды.ТМерейтойлық кеш мәдениетаралық байланысты нығайтып, ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған тағылымды шара ретінде өтті.





