Жаңалықтар мен оқиғалар
«Ұлт рухын асқақтатқан қос тұлға»

25 – сәуір күні облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлт рухын асқақтатқан қос тұлға» атты мерекелік шара өтті. Бұл шара көрнекті ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл және ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Концерттік шараға 12 аудандық мәдениет үйлерінің өнерпаздары облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері қатысып, біртуар қос тұлғаның шығармаларынан шашу шашты. Домбырадан Ахмет Жұбановтың күйлері төгіліп, Бәкір Тәжібаевтың әсем әндері шырқалды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» атты драмалық композиция қойылып, бейбітшіліктің символына айналған «Ақ көгершін» әнімен аппақ құстардай бишілер де шараның сәнін кіргізді.
Аталмыш шарада Мұғалжар, Байғанин және Темір аудандарынан қазақтың қос мақтанышының тұтынған жәдігерлерінен, кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Концертті көрермендер тегін тамашалап, арнайы жасақталған көрмелерден ақпараттар алды. Мұндай игі шаралардың көпшілікке берері мол болмақ.