Жаңалықтар мен оқиғалар
Аруна Керімбек халықаралық айтыста жүлделі орын иеленді

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Тараз қаласында өткен халықаралық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел руханиятына серпін берген маңызды мәдени шара ретінде өтті.
Дәстүрлі түрде сегізінші рет өткізілген айтыс биыл алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болып, оған еліміздің өңірлерінен және Қырғыз Республикасынан келген 12 ақын қатысты.
Дүбірлі додада Ақтөбенің келіні, Тараздың тумасы ақын Аруна Керімбек сәтті өнер көрсетіп, Күләш Байсейітова атындағы арнайы жүлдені иеленіп, 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Айтыстың қазылар алқасына Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етті. Шара барысында ақындар суырыпсалмалық шеберліктерін танытып, ұлттық сөз өнерінің биік деңгейін көрсетті.
Аталған айтыс ұлттық өнерді дәріптеп, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды мәдени оқиға ретінде ерекшеленді.