Жаңалықтар мен оқиғалар
Астанада «Алтын шаңырақ» республикалық айтысы өтті

23 сәуір күні Астана қаласында этнос өкілдері арасында «Алтын шаңырақ» республикалық айтысы өтті. Аталған жоба Африка, Еуропа және Азия құрлықтарының өкілдерін бір сахнада тоғыстырған ерекше мәдени бастама ретінде ұйымдастырылды.
Бұл айтысқа әртүрлі этнос өкілдері қатысып, қазақ тілінде суырыпсалма өнер көрсетіп, домбырамен жыр орындады. Нигериялық, кәріс, неміс, орыс, ұйғыр, өзбек, қырғыз, украин, башқұрт, моңғол және өзге де ұлт өкілдері қатысқан бұл жоба елімізде алғаш рет өткізіліп, көрермендердің зор қызығушылығын тудырды.
Шара барысында қатысушылар қазақ тілінде айтысып, ұлттық өнердің кең ауқымын танытты. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің ұлттарды біріктіруші маңызды құндылық екенін айқындап, мәдени байланысты нығайта түсті.
Аталған айтысқа «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері Жарқынай және Темірхан Жетесовтер қатысып, жыр-термелер орындады. Шәкірттердің жетекшісі – жыршы, ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин.
Жоба аясында әр қатысушыға арнайы жетекшілер бекітіліп, кәсіби қолдау көрсетілді. Ақтөбе облысының атынан қатысқан украин ұлтының өкілі Қанат Хитрук айтыскер ақын Нұрбол Жауынбаевтың жетекшілігімен өнер көрсетіп, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталған жетістік өңірдің шығармашылық әлеуетін айқындап, ұлттық өнердің көпұлтты қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.